Қызылорда облысында күріштің 92%-ы орылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордалық диқандар ерте егілген11 мың 500 тонна дәнді дақылды жинап болды.
Қазір күріш, мал азығы мен майлы дақылдарды, көкөніс, бақша өнімдерін жинап жатыр.
- 7 мың 400 тонна майлы дақыл, 129 мың тонна көкөніс, 185 мың 800тонна бақша дақылы жиналды. Егілген 1376 гектар картоптың 1060 гектарынан 14174 тонна өнім жиналды. Сыр салысының 64 мың 800 гектары орылды. Бұл – жалпы күріш көлемінің 92%-ы. Оның 58 мың гектары немесе 60%-ы бастырылды, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулетбек Әбдірасулов.
Нәтижесінде 294 мың 250тонна, яғни әр гектарынан 50,7 центнер өнім жиналып жатыр. 2027 жылдың егісіне қажет 17 мың 500 тонна күріш тұқымының 12 мың 735 тоннасы құйылды.Негізгі дақылды қазан айының екінші онкүндігінен кешіктірмеу жоспарланған.
- 539 мың тонна сыйымдылықтағы 200 сақтау қоймасы алдын ала дератизацияланып, астық қабылдауға кірісті. Жүгерінің 3 мың гектары немесе 60%-ы орылып, 10,6 мың тонна өнім жиналды. Биыл қысқа түсетін 676 мың 800 бас мал үшін жемшөп қоры әзірленіп жатыр, - деді басқарма өкілі.
Биыл егісті тұрақты суаруға 3 млрд 250 млн текше метр су лимиті бөлінді. Оның 2 млрд 500 млн текше метрі каналдар арқылы егіске жеткізілді.
Еске салайық, 2027 жылғы егін егуге дайындық қазірден басталып кетті. 1 қазаннан шаруаларды ерте қаржыландыру тетігі іске қосылды.