23:45, 14 Маусым 2024 | GMT +5
Қызылорда облысында өрттен 100 бау шөп жанып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында өрттен 100 бау шөп жанып кетті.

Төтенше жағдайлар қызметіне 14 маусымда 14.24-те Шиелі ауданы Отырар көшесі №3 мекенжайында мал қора жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнында ауданы 5х10 метр мал қора жанып жатқанын анықтады. Оның ішінде 1 уақ мал қалып қойған. Оған қоса 100 бау шөп жанған. Өрт 14.45-те толықтай сөндірілді. Өрттің шығыны мен шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті.