Қызылорда облысында Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді.

жол жабылды
Фото: Kazinform

Бүгін, 29 қаңтарда Қызылорда облысында күн райы күрт бұзылды.

Қарлы боран және нөлден төмен температура көрініс берді.

«Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана қаласы уақытымен 29 қаңтар түнгі 01:50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 

Соңғы жаңалықтар