Қызылорда облысында ұмыт болған ұлттық спорт түрлері дәріптелді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында  халық арасында ұмыт болған ұлттық спорт түрлері дәріптелді. Олардың қатарында бес тас, садақ ату, арқан тарту, қой көтеру, ләңгі тебу секілді спорт түрлері бар. 

спорт
Фото: Сурет өңірлік коммуникациялар қызметі

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай қазақ күресі, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, садақ ату, арқан тарту, қой көтеру, ләңгі тебу қазақтың ұлттық ойындары дәріптелді. Олардың қатарында халық арасында ұмыт болған спорт түрлері бар. 

спорт
Фото: Сурет өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлттық спорт күнінде облыстың барлық аумағында 30-дан астам мерекелік іс-шара өтті. «Ұлттық ойын – халық мұрасы» және «Ұлы дала тарландары» атты ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылды.

Ал Қазалы ауданында нағыз қазақтың білекті жігіттерінің бағы сыналатын ұлттық ойын аударыспақтан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Турнирде 4 салмақ дәрежесі бойынша 30-дан астам білекті жігіттер бақ сынады. Ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен спортшыларға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды. 

спорт
Фото: Сурет өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыстың өзге аудандарында да ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Одан бөлек, Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінен 80 отбасыға көпқабатты пәтердің кілті табысталды.

Сондай-ақ дәл осы күні қаланың сол жағалауында аймақ басшысының қатысуымен үстел теннисі орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар