Қызылорда облысында жемқорлықпен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен екі полицей ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін ұстады.

Алматы
Фото: Polisia.kz

Департамент мамандары 19 маусымда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі миграция қызметінің маманы Т.Н мен полицияның учаскелік инспекторы Ж.К-ні қолға түсірді.

21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотының қарауына ұсынылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де деректер жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында прокуратура жалған дипломмен қызмет атқарған 9 «мұғалімді» анықтады.

 

Соңғы жаңалықтар