Қызылорда облысында ЖРВИ-дің 72,5 мыңнан астам жағдайы тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - 2025-2026 жылғы эпидмаусым басталғалы бері Қызылорда облысында жедел респираторлы вирусты инфекцияның  72 618  жағдайы есепке алынды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Елордада ЖРВИ ауруы өршіді
Фото: Астана әкімдігі

Ауырған адамдардың 70%-ы – 14 жасқа толмаған балалар. Дерт жұқтырғандардың 4%-ы ауруханаға жатқызылған. 833 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен A типті (H3N2)176 тұмау ауруы нақтыланды.

- Аурудың алдын алудағы тиімді әрі сенімді шаралардың бірі — вакцинация. Осы эпидмаусымға 85006 доза вакцина сатып алынып, 84 мыңға жуық тиісті конитингентке тұмауға қарсы вакцина жүргізілді. Оның 23466-сы — балалар, 60531-і — ересектер. Сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан 2000 доза сатып алынып, осынша екпе жүргізілді. Ресей Федерациясы есебінен қосымша Байқоңыр қаласының 3360 тұрғыны екпемен қамтылды. Эпидмаусымда ұзын саны 89419 адамға вакцина егілді. Бұл — облыс тұрғындарының 10,3%-ы, - делінген хабарламада. 

Сынама зерттеу нәтижесінде тұмау типіне жатпайтын 20 вирус анықталды. Оның басым бөлігі — риновирус. 

Бұған дейін біз Шығыс Қазақстанда соңғы үш айда 125 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар