Қызылорда облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 12,1 млн теңгенің өнімін сатты

АСТАНА. KAZINFORM - 12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Екі күнде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам барды.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жалпы өңір креаторлары 12,1 млн теңгенің өнімін сатты. Креативті жәрмеңкеде ұлттық музыкалық аспаптар, кілемдер мен картиналарға сұраныс жоғары болды.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған заттар және басқа да авторлық өнімдер сатылды.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңкеде креативті индустрияның 21 бағыты бойынша өнімдер мен жобалар таныстырылды.

Qyzylorda Hub-тың цифрлық әзірлемелері мен өңірдегі заманауи медиа жобалар да көпшілікке ұсынылды.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңке аясында «Анаға тағзым» креативті индустриялар орталығында әзірленген Syr Style Collection сән топтамасының таныстырылымы өткізілді.

Аталмыш топтамада ұлттық нақыш пен заманауи дизайн үйлесім тапқан. Бағдарлама аясында ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өтіп, концерттік бағдарламалар мен сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көпшілік «Алтын домбыра» және «Күміс домбыра» секілді бірегей музыкалық аспаптарды және өңірдің көрнекті тұлғаларына қатысты тарихи-мәдени жәдігерлерді тамашалады.

Жәрмеңке Қызылорда облысының шығармашылық әлеуетін кеңінен танытып, жергілікті шеберлер мен дизайнерлердің өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар өңірлік брендтерді ілгерілетуге мүмкіндік берді.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Осыған дейін Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатқаны туралы жаздық.

 Қызылорда облысының креаторларының жәрмеңкесі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі