Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 28 заңсыз сот актілерінің күші жойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

прокуратура
Фото: Қостанай облысы прокуратурасы

Биылғы жылы соттардың бастамасымен 15 әкімшілік істер негізсіз тоқтатылды, 13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз төмен жаза тағайындалса, 2 іс бойынша негізсіз жауаптылықтан босату деректері орын алған.

— Сонымен қатар, соттармен мас күйінде көлік басқарған 3 тұлға жауаптылықтан босатылғаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлі тұлғаларға тиісті жаза тағайындалды. Мысалы, 2024 жылғы 19 шілдеде мас күйінде көлік басқарған құқық бұзушы бөтен тұлғаның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Шиелі аудандық сотының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен масаң күйде көлік басқарған тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған. Осы ретте, облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәлі 20 тәулік мерзімдегі қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның қадағалауында.