Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулау кезінде ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - ІІМ Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулау кезінде ұсталғанын мәлімдеді.

Қызыл кітапқа енген сұңқарлар
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

«Ер адамды Қызылорда облысы Полиция департаментінің және „Охотзоопром“ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторлары прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұстады. Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған», — деп жазды құзырлы органнан.

Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент зообағында сирек кездесетін ерекше жануар төлдеген болатын.