Қызылорда облыстық Мемлекеттік архивіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА.KAZINFORM - Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы бұйрығымен Бахыт Аңсатов Қызылорда облыстық Мемлекеттік архивінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Бахыт Аңсатов
Фото: Қызылорда облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Бахыт Сәбиұлы 1996 жылы Қазақ ұлттық теникалық университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын Құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

1996-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде, Қызылорда облысының прокуратурасында прокурор, аға прокурор, бөлім басшысы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде бөлім басшысы болып қызмет етті.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Адвокаттар алқасында тәлімгер, «Демеу» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында заңгер;

2008-2016 жылдары Астана қаласы Ұлттық тестілеу орталығында бас инспектор-заңгер, бөлім басшысы;

2017-2020 жылдары Орталық сайлау комиссиясында жетекші маман;

2023-2025 жылдары Астана қаласы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясында талдаушы, бас менеджер;

2025 жылдан бастап осы уақытқа дейін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалында жетекші сарапшы қызметін атқарды.