Қызылорда облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Абдраманов Ермахан Әділханұлы келді.

Қызылорда ПД
Фото: Polisia.kz

Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов жеке құрамға жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. ҚР Ішкі істер Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы тағайындалды.

Ол ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар