Қызылорда облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып Нұрлыбек Бимырзаев тағайындалды.
Нұрлыбек Шонжарұлы 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтында есеп және аудит, «Болашақ» университетінде құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде инспектор қызметінен бастап, әр жылдары түрлі лауазымда еңбек етті. 2018-2023 жылдары Қызылорда, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болған.
2023 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Біз бұған дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалғанын жазған едік.