Қызылорда тұрғыны TikTok-тағы әрекеті үшін айыппұл арқалады

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөз айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғаны анықталды.

Қызылорда тұрғыны TikTok-тағы әрекеті үшін айыппұл арқалады
Фото: Видеодан скрин

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде құқықбұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды.

Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

— Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген, — делінген ақпаратта.

Бұған дейін Абай облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, алкоголь ішкен 53 жастағы Семей тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ TikTok-та балағат сөз айтқан қызылордалық көше сыпырып жүр.