Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық науқан өтті. 

Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Акция барысында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар және көпшілік зираттар орналасқан аумақтарда көркейту мен көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ағаш отырғызу, қоршауларды жөндеу, жолдарды тазалау және ретке келтіру шаралары жүргізілді. Іс-шараға облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсенді қатысты.

Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызы туралы айтқан сөзінде қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, сонымен қатар ой-сана тазалығының да маңызды екенін ерекше атап өткен еді. Негізінен киелі орындарды, зираттарды күтіп ұстаудың дәстүрлі ережелері бар, олардың басты талаптарының бірі – тазалық. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халық даналығы өткенге құрмет көрсетудің маңыздылығын білдіреді.

Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақ халқының дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ дүниеден өткендерге құрмет көрсететін, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті орын саналады. Сондықтан кесенелер мен қорымдардың тазалығына және олардың қараусыз қалмауына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай бастамалар арқылы қоғамда тазалыққа деген жауапкершілік артып, ұлттық құндылықтарға құрмет күшейеді.

Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, аймақ бойынша 72 нысан киелі орындар тізіміне енген. Қасиетті кесенелерге жергілікті бюджет пен демеушілердің қолдауымен реставрациялық және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келушілер үшін инфрақұрылым жақсарды. Акция барысында облыстағы 200-ге жуық қасиетті орын мен зират аумағын тазалау жұмыстарына 20 мыңнан астам тұрғын қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.