Қызылордада асфальт-бетон шығаратын 11 зауыт жұмысынан кемшіліктер анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында асфальт-бетон шығаратын 24 зауыт бар. 13 зауыт талаптарға толық сай. 11 зауыт жұмыстарында кемшіліктер анықталды.

Бұл - «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының мамандары ішінара зерделеу жұмыстарының нәтижесі. Арнайы қондырғыларда сертификат болмауы, құрылыс материалдарының сапасын қадағаламау секілді бірқатар кемшілік бойынша ескертулер жасалды.
«Тексеру барысында кейбір зауыттарда қарапайым талаптар сақталмағаны расталды. Соның салдарынан аталған кәсіпорындардан шығатын асфальт жабындылары сапалы болмауы мүмкін. Сондықтан жергілікті әкімдікке олқылық анықталған асфальт-бетон зауыттары бойынша ұсыныс берілді», — дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерболат Көштаев.
Еске салсақ, елімізде қоғамдық бақылаушылар жол сапасын тексереді.