Қызылордада бір күнде 11 елді мекеннің әкімі сайланды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Кеше Қызылорда облысы бойынша 1 кент және 10 ауылдық округте әкімдер сайлауы өтті.

әкім сайлауы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Атап айтқанда, саяси науқан Қызылорда қаласындағы Қосшыңырау ауылдық округінде, Арал ауданындағы Аралқұм және Бекбауыл, Қармақшы ауданындағы Жаңажол, Сырдария ауданындағы С. Сейфуллин, Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм, Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған кенті, Аққорған, Өзгент, Екпінді, Қосүйеңкі ауылдық округтерінде болды.

— 11 округте 20381 сайлаушы дауыс берді. Жаңақорған кенті және 10 ауылдық округ бойынша 32 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттардың алтауы саяси партиядан ұсынылса, 26-сы өзін-өзі ұсынған. Сайлау күні 253 сайлаушы тасымалданатын жәшік арқылы үйден дауыс берді. Сайлау заң талаптарына сай ұйымдастырылды, — деді Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

әкім сайлауы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Дауыс беру қорытындысымен сайлаушылардың басым дауысын алған Сейдуәлі Әбдіқадыров Қосшыңырау аулдық округінің әкімі, Әлімжан Сейітов Бекбауыл ауылдық округінің әкімі, Жұбатқан Әбдіқалықов Аралқұм ауылдық округінің әкімі, Әбимүсілім Қоқанов Жаңажол ауылдық округінің әкімі, Бекзат Қыдырбаев С. Сейфуллин ауылдық округінің әкімі, Дәулет Әбжапбаров Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі, Жасұлан Бейсенбеков Жаңақорған кентінің әкімі, Серік Туғанбаев Аққорған ауылдық округінің әкімі, Әлімхан Ахтаев Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі, Қайрат Қожамжаров Екпінді ауылдық округінің, Еркебұлан Жакудаев Өзгент ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сайланған әкімдердің ең жасы — 30 жаста, ең үлкені — 59-да.

Айта кетейік, облыстағы 146 әкімнің 3-і — әйел, 143-і — ер адам.

27 сәуірде Қызылорда облысындағы 5 ауылдық округте әкім сайлауы өтеді. 

Президент пәрменімен ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі енгізілген уақыттан бері Қызылорда облысындағы барлық 146 әкім халық таңдауы арқылы сайланды. 

Өңірде жыл басынан бері 7 ауылдық округ әкімінің сайлауы ұйымдастырылды. 

Қызылорда облысында бұған дейін де өткен кент және ауылдық округтердегі әкім сайлауы туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар