Қызылордада есірткі сатудан түскен қомақты табысты заңдастырған топ қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастырып, есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

кісен
Фото: pexels

Кәсіби ақша жылыстатушылар тобы бір жыл бойы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

- Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін БАӘ-де ұсталған криптовалюта саудагері Қазақстанға қайтарылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар