Қызылордада каналдан денесі табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, ол сол ауданның тұрғыны болып шықты.

тюрьма, арест, наручники, суд
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, — деді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.

Бұған дейін жазғанымыздай, 3 маусым күні Шиелі ауданының тұрғыны полицияға канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Туыстары қыздың 2 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.