Қызылордада Қырғызстан азаматтары мінген автобус жолда қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта Қырғызстан-Ресей бағытында қатынайтын рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордада Қырғызстан азаматтары мінген автобус жолда қалды
Фото: Facebook әлеуметтік желісінен

Көлік техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады.

— Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар автобус ішінде Қырғызстанның 47 азаматы бар екенін анықтады. Оның біреуі — бала. Қызметкерлер барлығын эвакуациялап, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген хабарламада. 

Аталған ведомство төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертті. 

Айта кетейік, Қызылорда облысында кешенді профилактикалық іс-шаралардың күшейгеніне қарамастан өткен жылы жол-көлік оқиғаларының саны 47,9% (978-ден 1446-ға) өсті.

Бұған дейін Абай облысында полиция жолда қалған жолаушыларға көмек көрсеткені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар