Қызылордада қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы қызметіне Ерлан Абдуллаев тағайындалды.
Ерлан Маратұлы 1983 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін алғашқы әскери және дене дайындығы, құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласындағы № 2 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Байқоңыр қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Қызылорда облысының Сырдария ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында әскери қызмет саласында жауапты қызметтер атқарған.
2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.
Ал бұған дейін ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бас әскери прокуратура Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымына Роман Снопов тағайындалғаны белгілі болды.