Қызылордада күйіп қалған балалар тікұшақпен Алматыға жеткізілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыға санавиация бортымен күйіп қалған екі бала жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ДСМ тікұшағы
Фото: emcrk.kz

— 31 шілдеде Қызылорда облысында денесінің 75%-ға жуығын күйік шалған аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп жазды министр.

Еске салайық, Қызылордада тұрғын үйде жарылған газ салдарынан төрт жасөспірім зардап шеккен болатын.

Оқиға Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағынауданында жер үйде болған.

Газ ауа қоспасының жылыстауы салдарынан өрт шықпай-ақ үй қирап қалды. 

Соңғы жаңалықтар