Қызылордада өнімге көңілі толмаған тұтынушыларға 6,4 млн теңге қайтарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге қайтарылды.

тұтынушы
Фото: Pexels

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментіне 203 өтініш келіп түскен. 

Аталған өтініштер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.

«Тұтынушы тарапынан келетін арыз-шағым азаяр емес. Оның басты себебі — көлеңкелі сауданың құрбаны болып, алаяқтарға алдануы, тұтынушы өз құқығын білмеуі және чек талап етпеуі. Былтыр тұтынушылардың бұзылған құқығы бойынша 114 өтініш келіп түскен. Биыл олардың санын 203-ке жетті. Оның ішінде 60 өтініш қанағаттандырылып, 71 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осының нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге көлемінде қаржы қайтарылды», — дейді Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев. 

Азық-түлік тауарларының сапасы мен анықтамасының талапқа сай келуін қадағалау мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүріп жатыр.  

Бүгінде Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Соңғы жаңалықтар