Қызылордада орташа айлық атаулы жалақы мөлшері белгілі болды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының мөлшерін жариялады. Ол — 385 мың теңге.
Сонымен қатар ең жоғары еңбекақы қай салаларға тиесілі екені белгілі болды.
— Ең жоғары шамасы өнеркәсіп, көлік және қоймалау, қаржы және сақтандыру қызметі салаларында — 609 527 теңге мен 657 361 теңге аралығы. Ең төменгі шамасы көрсетілген қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында 194 032 теңге болып белгіленді, — деді департамент басшысының орынбасары Айбек Әбілдаев.
Облыста 15,6 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі — жұмыс күшіне қарағанда 4,5%. Ал жасы 15-34 аралығындағы жастар арасында — 3,4%. NEET санатындағы жастар үлесі — 6,6%.
Ал Маңғыстау облысында айлық жалақы 6,2%-ға артып, 660 мың теңгеге жуықтады.