Қызылордада пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендерге 2,3 млн теңге айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – 2025 жылдың І жартысында Қызылорда облысының қоршаған ортаны қорғау саласындағы 20 субъектіге бақылау шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарын бұзудың 43 дерегі анықталып, кемшіліктерді жою жөнінде 43 нұсқама берілді.

Майқайың кенішінде апаттан пайда болған ойық қалай жойылады
Фото: Мұрат Аяған / Kazinform

Облыстық экология департаменті мәлімдегендей, анықталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалған. Жеке және заңды тұлғаларға 19,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынса, соның 9,7 млн теңгесі өндірілді. 

– 1 субъектіге экологиялық рұқсатының болмауына байланысты хаттама толтырылып, әкімшілік іс сотқа жолданды. Сот оның шаруашылық қызметін 6 ай мерзімге тоқтатып, 16 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Заңсыз карьерлерді анықтау, зерттеп-қарау, мониторинг жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарымен, мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлескен рейд жүргіздік. Нәтижесінде кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 2,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді департамент басшысының міндетін атқарушы Алмас Ысқақов.

«Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг арқылы 88 рұқсатсыз қалдық орны анықталып, олар аз уақытта толығымен жойылды.

Ал бұған дейін Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін өз бетінше пайдалану фактісі анықталды.