Қызылордада полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді ұстады

Киік ұша
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада «Браконьер» іс-шарасы барысында полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады.

6 ақпанда сағат 22:30-де Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасы аясында «Жезқазған-Қызылорда» тасжолында «Toyota Hilux» және «Toyota land Сruiser» автокөліктерін тоқтатпақшы болды. ​Күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келген. 

«Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы тексеру барысында екі көліктен 76 бас киіктің ұшасын, және 9 оқ дәріні тәркіледі.​Аталған дерек бойынша ұсталған 28 және 35 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция ядепартаментінен.

«Браконьер» жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну дерегі бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында елді қорқытып, мүлік, ақша талап еткен адвокат 5 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар