Қызылордада тұрғын үйде жарылған газ салдарынан төрт жасөспірім ауруханаға жеткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт жасөспірім балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиға Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде болған. Газ ауа қоспасының жылыстауы салдарынан өрт шықпай-ақ үй қирап қалды.

«Оқиға барысында 4 жасөспірім зардап шекті. Олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде. Балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Оларға отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаған абзал. Электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жанармай құю бекетінен өрт шықты.