Қызылордада жарық бағасының өзгеру себебі белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы 25 қазаннан бастап жарық бағасының өсу себебін түсіндірді.

тарифы, жарық, баға
Коллаж: Kazinform/ Canva

Компания электр энергиясын тарату және тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау қызметін 2025 жылғы 1 қаңтардан бері жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын басшылығы тариф заңнама талабына сәйкес қалыптасатынын, оны уәкілетті орган бекітетінін атап өтті.

- Тарифтің өзгеруіне бірнеше негізгі фактор әсер етті. Атап айтқанда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан алу бағасының өсуі, «KEGOK» АҚ ұлттық электр желілерін пайдалану қызметі тарифі құнының артуы, өңірдегі орташа жалақы деңгейінің өзгеруі себеп. Сондай-ақ қызмет көрсету барысында электр энергиясын сатып алу және онымен байланысты қызметтер тарифінің өзгеруінен пайда болатын шығын артты. Осы факторларды ескере отырып, электр энергиясымен жабдықтау қызметіне арналған сараланған тарифтер бекітілді, - делінген хабарламада.

Еске салайық, көп ұзамай электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша тұтыну көлемі мен тұтынушылардың тобына қарай сараланған баға қолданысқа енгізілмек.