Қызылордада жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылған 2 360 маманға жалақы төленбей келген

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.

Ақтөбе облысы
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

6 жұмыс беруші әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

- Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді, - деді Ризабек Ожаров. 

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты.

Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым — «Абзал және К» серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды. 

Облыстық прокуратура осыған дейін Қызылордада іссапар шығынын өз шотына аударған бас есепшілер тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар