Қызылордада жеке мектептің 190 қызметкеріне 142 млн теңге жалақы берешегі өтелді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда прокуратурасы жеке мектептің 190 қызметкеріне жалақы бойынша 142 млн теңге көлеміндегі берешекті толық өтетуге қол жеткізді.
Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау кезінде қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төленетін ақшаның уақтылы әрі толық төленбеу фактілері анықталды.
— Соның салдарынан білім беру ұйымының 190 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқығын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылданды. Нәтижесінде 142 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді, — делінген облыстық прокуратура мәліметінде.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласының прокуратурасы 1 998 азаматтың конституциялық құқығын қорғап, 177,5 млн теңге өндіріп алды.
Еске салайық, Жамбыл облысында алимент бойынша 8 млн 659 мың теңге қарыз жылжымайтын мүлік беру арқылы өтелді.