Қызылордада жергілікті компания 1,2 млрд теңге қосымша құн салығын төлемеген

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Жыл басынан бері Қызылордада қадағалаушы органның араласуымен мемлекет бюджетіне 1,5 млрд теңгеден астам қаржы, 75 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді.

Деньги
Фото: СҚО прокуратурасы

Сондай-ақ мемлекетке құны 524 млн теңге болатын мүлік қайтарылды.

- Салық заңнамасының талаптары бұзылғаны да анықталды. «Қыран» компаниясы 2024 жылы 1,2 млрд теңге көлеміндегі қосымша құн салығын төлемеген. Қадағалау актісі негізінде серіктестік мемлекет бюджетіне 242 млн теңге өндірді. Ал «Қазсушар» мекемесінің Қызылорда филиалы арқылы сатып алынған 23 мың тонна тас нақты жеткізілмеген, - деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Осылайша мемлекетке 326,5 млн теңге залал келген. Аталған факт бойынша филиалдың лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеліп, арнайы прокурорлар оны өндірісіне алды.

Қызылорда облысында прокуратура инвесторды негізсіз салынған 112 млн теңге айыппұл төлеуден босатты.

Соңғы жаңалықтар