Қызылордада жылу маусымы қашан аяқталады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласына жылу беру 7 сәуір күні тоқтатылады. 

жылу
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Гидрометеорологиялық қызмет өкілдері облыс орталығындағы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8ºС-ден жоғары болады деп болжап отыр. 

Қала әкімдігі осыған байланысты 7 сәуірден бастап 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымы аяқталатынын мәлімдеді.

2023-2024 жылдары қалаға жылу 15 қазаннан бастап беріліп, былтыр 10 сәуір күні тоқтатылған болатын. 

Жалпы, қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 1 600-ден астам нысан қосылған. 

Ал, Түркістан қаласында жылу маусымы 1 сәуірде аяқталды. 

Сондай-ақ бұған дейін Ақтауда жылу желісіндегі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар