09:10, 05 Маусым 2024 | GMT +5
Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. «Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан.
«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті.