Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған той кортежі сапындағы 10 көлік айып тұрағына қойылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғантой кортежі сапындағы автокөліктер облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың нысанасына ілікті.
Ақпарат патрульдік полиция экипаждарына жедел берілді.
- Нәтижесінде кортежге қатысқан көлік құралдарының барлық жүргізушісі тоқтатылып, полицияға жеткізілді.12 құқық бұзушыға қатысты 33 әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды. 10 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.Тексеру барысында қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, авариялық жағдай туғызу, телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да жол ережесін бұзу фактілері анықталды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда облысының Арал ауданындаполиция қызметкерлері патрульдеу барысында 6 жастағы баланың көшеде түнгі уақытта «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады.