Қызылордадағы жанармай құю бекетінде өрт шығып, бір адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Өрт сөндірушілер жанармай құю бекетіндегі 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт, пожар
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысы Шиелі ауданының Аттас кентіндегі жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.

— Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Оқиға салдарынан 1991 жылы туған жанармай құю бекетінің қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды, — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде өрт қауіпсіздігіне арналған айлық акция өтетіні хабарланды.