Қызылордалық құтқарушылар 90 жастағы қарияға көмек көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ баспасөз қызметі қызылордалық құтқарушылардың 90 жастағы қарияға көмек көрсеткенін жазды.

 Құтқарушылар пәтерінде құлап, тұра алмай қалған 73 жастағы әжеге көмекке келді
Фото: ТЖМ/видеодан алынған кадр

- Қызылорда қаласының үйлерінің бірінде 1935 жылы туған қарт әже есікті аша алмай, пәтердің ішіне құлап қалған.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан әйелді тапты. Оған көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырды, - делінген ведомство дерегінде.

Бас құтқарушы Абай Кенестің айтуынша, 9 жылдық еңбек өтілінің ішінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдыруға болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары 29 жүк көлігін қар құрсауынан алып шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар