Қызылордалық құтқарушылар азаматтың басынан темір дулығаны шешіп алды

Дулыға
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – Тосын оқиға туралы ТЖМ мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қызылорда қаласындағы Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Дулыға
Фото: ТЖМ

«Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп алды», — деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар