Қызылорданың Қазалы ауданында заңсыз актив есебінен салынған су жүйесі іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Шәкен ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа су желісінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

қызылорда облысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Әлеуметтік нысан прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы М. Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртай, аудан әкімі А. Есмаханов, аудан прокуроры Д. Әбіш және қоғам өкілдері қатысты.

Ведомство мәлім еткендей, енді Шәкен ауылындағы 76 үйдің тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

— Бұл нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, тасымалданатын суға деген қажеттілікті жойды. Шәкен ауылындағы су жүйесінің ашылуы мемлекетке қайтарылған активтердің өмірлік маңызы бар әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін тиімді және мақсатты пайдаланылып жатқанын көрсетеді. Жалпы, Қызылорда облысында 29 жоба жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбеде заңсыз актив есебінен салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар