Қызылша вакцинасы туралы желілерде таралатын жалған ақпараттарға мониторинг жүргізіледі
Премьер-Министр Әлихан Смайылов қызылша вакцинасы туралы жалған ақпаратпен күресуді тапсырды, деп хабарлайды Кazinform.
«Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат министрліктері бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы халық арасында қызылша инфекциясы туралы тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде вакцинаға қатысты әдейі таратылатын және басқа да түрлі жалған ақпараттарға мониторинг жүргізіп, оның алдын алуды тапсырды.
«Учаскелік деңгейдегі медицина қызметкерлері ата-аналарға профилактикалық екпенің балалар үшін маңыздылығы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс», - дейді ол.