Қызылшамен ауырған науқасты қалай емдейді – маман жауабы

Астана қаласы №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова қызылша инфекциясын жұқтырған науқасты емдеу жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Қызылша
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

«Қызылша инфекциясынан емдеу туралы зертханалық хаттама бар. Оған сәйкес вирусқа қарсы дәрі-дәрмек береміз. Ал асқыну болған жағдайда антибиотиктер тағайындалады. Жалпы протогенетикалық ем шарасын қолданамыз», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Брифинг барысында айтылғандай, елордада вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпе алмаған балаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Осы күнге дейін атқарылған жұмыс нәтижесінде қызылшаға қарсы вакцина алмаған 13 000 бала және жасөспірім анықталды. Бүгінде оның 5 692-і екпе алған.