11:06, 09 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қызылшаға қарсы вакцинаны әдейі салғызбай отырған ата-аналар қатары көп – Үкімет басшысы
Елімізде ата-аналардың көбі балаларына қызылша ауруына қарсы вакцинаны салғызбай отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Кazinform.
«Өкінішке қарай, ата-аналардың арасында балаларына екпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандардың қатары аз емес. Мұның соңы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу», - Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Премьер-Министрдің мәліметінше Үкімет өткен жылы қыркүйекте резервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлген.
«Алайда көріп отырғанымыздай, кейбір өңірлерде қызылшаға қарсы иммунизациямен қамту деңгейі әлі де төмен», - дейді ол.