Қызметтен кетемін деген қорқыныш болған жоқ – Айдарбек Сапаров Үкіметтегі ауыс-түйіс туралы

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қайта жасақталған Үкімет құрамында қалай жұмыс істейтіні туралы пікір білдірді.

айдарбек сапаров
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

«Бүгін кеңейтілген отырыстан кейін, Президент нақты тапсырмалар бергеннен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа тәсілдер қолға алынатын шығар. Мен тек өз министрлігіме ғана жауап беремін», - деді министр Үкіметтің кеңейтілген отырысы алдында БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.

«Жаңа Премьер-Министр талапшыл деп жатыр. Ол талаптарға сай келуге дайынсыз ба?» - деп сұрады журналист.

«Әрине, Премьерді әрқашан тыңдау керек, біз Үкімет мүшесіміз ғой. Бірге жұмыс істейміз, бірге жылжимыз», - деді Айдарбек Сапаров.

«Орынтағыңыздан айырылып қалам деп қорықтыңыз ба?» - деген сұраққа министр: «Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Әрдайым сенімді жұмыс істеу керек. Біз – әскерміз, қайда жұмсаса, сонда барамыз», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар