ҚК Бас штабы өңірлік қолбасшылықтар құрамаларының офицерлерін дайындауға айрықша көңіл бөлуде - генерал-полковник С. Жасұзақов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 61993 әскери бөлімінің базасында өтіп жатқан ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдері жедел бөлімшелері бастықтарының оқу-әдістемелік жиындары аяқталды.
None
None

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Офицерлер үш күн бойы дене және ату даярлықтары бойынша сынақтар тапсырып, жетекші құжаттардың негізгі ережелерін білуден тестілеуден өтті.

Іс-шараның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты.

- Жиындар офицерлердің жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлықтарды ұйымдастырудағы кәсіби дайындықтарын тексеру үшін өткізілді. Кез келген деңгейдегі жедел офицердің негізгі тапсырмасы басшының басқару қызметін қажетті ұсыныстарды, ақпараттарды, есептер мен шешімдерді уақтылы беру жолымен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК Бас штабы өңірлік қолбасшылықтардың құрамалары мен бөлімдерінің офицерлерін дайындауға айрықша көңіл бөлуде, - деп атап өтті жиынды қорытындылаған Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Соңғы жаңалықтар