ККМ Көліктік бақылау комитеті «Скутер» акциясын өткізуде

АСТАНА. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат. Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті 2009 жылғы навигация кезінде «Скутер» акциясын өткізуде. Бұл шара тұңғыш рет 2008 жылы өткізілген еді,

ККМ Көліктік бақылау комитеті «Скутер» акциясын өткізуде
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Көліктік бақылау комитетінен. Акцияның мақсаты - спорттық, серуендеуге арналған және шағын өлшемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау арқылы демалыс аймақтарындағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының су көлігі заңнамаларының орындалуын бақылау. Аталған акция Комитеттің аумақтық органдар инспекторларымен көшпелі рейдтік тексерулер жүргізуді көздейді.Суда қауіпсіздіктің қарапайым ережелері бұзылады, демалушылардың тыныштығы мен қауіпсіздігі ескерілмейді. Шағын өлшемді кемелердің жекелеген жүргізушілері көлікті алкогольге және есірткіге мас болған күйде басқарады. Шағын өлшемді кемелер санының өсуі - жазатайым оқиғаларға, жарақат алуға және басқа да жағдайларға әкелетін судағы бұзушылықтарға себеп болуда. Бұл әсіресе балалардың демалу аймақтарында қауіпті. Бүгін, маусымның 6-да осы аталған шараға орай Қапшағай су қоймасында баспасөз туры өтеді. Оған қатысушылар суда болатын жағдайды өз көздерімен көруге, ереже бұзушыларды ұстауға қатысуға, қосымша материалдар алуға (фото, видео, КБК қызметкерлерінің түсініктемелері) мүмкіндіктер алады.