ККМ ұялы байланыс операторларымен интерконнекті жыл сайын 15 пайызға төмендету үшін келіссөздер жүргізуде
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұялы байланыс операторларымен интерконнекті жыл сайын 15 пайызға төмендету үшін келіссөздер жүргізуде.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Біздерде соңғы 3 жылда интерконнекті 15 пайыздан төмендету бойынша алдын ала келісім бар», - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Статистика агенттігінің шұғыл ақпаратына сәйкес, 2012 жылы байланыс саласында ұялы байланыс абоненттерінің және Интернет желісін пайдаланушылар саны бойынша өсу динамикасы байқалады. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 29,9 млн. адамды құрады, Интернет желісін пайдаланушылар саны 2012 жылдың 3 тоқсанында 9,7 млн. адамға өсті.