ҚКП ОК Саяси Бюросының бұрынғы мүшесі Бо Силай партия қатарынан шығарылды

БЕЙЖІҢ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жұма күні Қытай Коммунистік партиясының Саяси Бюросы танымал саясаткер Бо Силайды партия қатарынан шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

ҚКП ОК Саяси Бюросының бұрынғы мүшесі Бо Силай партия қатарынан шығарылды

Қытай Компартиясының басшылығы тәртіптік комиссияның Бо Силайдың «қызмет бабын асыра пайдаланып, партиялық тәртіпті елеулі бұзуға жол беруі туралы» баяндамасын қарап, оның ісін сот органдарына беруге ұйғарды.

ҚКП ОК тәртіптік комиссиясының баяндамасына сәйкес Бо Силай Далянь қаласының мэрі болып, Ляонин провинциясы үкіметін басқарған кезінде және ҚХР коммерция министрлігін басқарған кезде, сондай-ақ ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі және Чунцин қаласының партия хатшысы болып отырып, «партиялық тәртіпті елеулі бұзуға» жол берген.

«Бо Силай қызметтік бабын асыра пайдаланды және Ван Лицзюнь ісінде және қасақана кісі өлтіру жөніндегі Бо Гу Кайлайдың ісінде елеулі қателіктер жіберді», - делінген тәртіптің кеңестік қорытындысында.

Бо Силай «тікелей өзі және өз отбасының мүшелері арқылы» пара алғаны және басқа да заң бұзушылықтары үшін айыпталуда.

 «Бо Силайдың әрекеттері ауыр салдарларға әкеп соқты және партия мен мемлекеттің беделін түсірді», деген қорытынды жасады тәртіптік комиссия.

Бұдан бұрын Бо Силайдың зайыбы - Гу Кайлай тамызда британдық Нил Хейвудты қасақана өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді, бірақ үкімнің орындалуы екі жылға шегерілді. Бо Силайдың бұрынғы серігі - Чунциннің бұрынғы полиция басшысы өкімет билігін асыра пайдаланғаны, мемлекетке сатқындық жасағаны және пара алғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылды.