ҚҚС-тің төменгі шегі 40 млн теңге болса, салық түсімі қанша болады

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет салық реформасынан не күтетінін айтты.

Қозоғистонда “Рақамли ҚҚС” лойиҳаси ишга туширилади
Коллаж: Kazinform

- Салық реформасынан не күтеміз? Нәтиже айқын сезілетін болады. Жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері. Ұлттық қорға тәуелділік төмендеп, бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді, - деді ол.

Вице-премьер бұл өзгерістер инфляцияны ушықтыратынын да мойындады.

- Иә, өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін, бірақ бұл әсер уақытша және бір жыл ішінде болады деп болжанып отыр. Біздің есептеуіміз бойынша қосымша инфляция 2,5-3% болады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кету керек, Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар