"Классика" радиосының жарты жылдық жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Орталық Азия аумағындағы бірегей арна саналатын "Классика" радиосының жарты жылдық жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

"Классика" радиосының жарты жылдық жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті

Сазгер Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, "классика" деген сөздің аудармасы үлгі деген мағынаны білдіреді. Ол тәрбиеміздің, күнделікті өміріміздің музыканың үлгісі деп айтуға болады. Өйткені еуропалық музыканың да, дәстүрлі музыканың да өзіндік үлгісі бар. Қазақ халқы өздерінің дәстүрлі музыкасын жақсы тыңдайды. Өйткені ол қанымызға сіңіп кеткен, үйде әке-шешеміз, аға-әпкелеріміз ән айтып, күй тартады. Сондықтан жанымызға жақын.

"Классика" радиосы біздің өмірімізге тарихтың әртүрлі кезеңінен өткен музыка мен өмірдің үлгісін ұсынуда. Оның қазірдің өзінде өзіндік тыңдарманы қалыптасып үлгерді. Әрине ол әзірге жалпыхалықтық сипат ала қойған жоқ. Себебі әрбір нәрсені адам кішкентай кезінен бастап үйреніп, бойына сіңіріп өседі. Сондықтан еуропалық музыка үлгісін барлық адам бірдей қабылдамауы мүмкін", - дейді Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының проректоры А. Райымқұлова.