Классикалық күрестен Қазақстан спортшылары «Испания Гран-приінде» 8 медаль еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Испанияның Гран-приі» халықаралық турнирінде классикалық күрестен қазақстандық спортшылар сегіз медаль олжалады.
Біздің палуандар 8 мүмкін салмақ дәрежесінің жартысында алда болып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлады Sports.kz.
Kazakhstan Wrestling Online ақпараты бойынша, Ербол Қоңыратов 59 келі салмақ дәрежесінде, Асхат Жаңбыров 71 келі салмақта, Досжан Қартықов 80 келі салмақта және Нұрсұлтан Тұрсынов 85 келі салмақта турнир жеңімпаздары атанды.
71 келі салмақта Мақсат Ережепов пен 98 келі салмақта Ерұлан Ысқақов - күміс жүлде иегерлері.
Алмат Кебіспаев 59 келі салмақта, Азамат Құстыбаев 80 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.