Клаус Шваб ДЭФ төрағасы қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) негізін қалаушы және төрағасы Клаус Шваб отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Клаус Шваб
Фото: marketresearchtelecast.com

- Жақында жарияланған хабарламадан кейін және 88 жасқа толуымның қарсаңында мен Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мүшесі қызметінен дереу кету туралы шешім қабылдадым, - деп хабарлады Клаус Шваб кеңеске. 

Кеңес бірауыздан төрағаның орынбасары Питер Брабек-Летматты төрағаның міндетін атқарушы етіп тағайындады. Сондай-ақ болашақ төрағаны іздеу жөніндегі комиссия құрылды, делінген ДЭФ мәлімдемесінде.

Кеңес Дүниежүзілік экономикалық форумның отставкаға кеткен төрағасы және негізін қалаушы Клаус Швабтың көрнекті қызметін мойындады. Ол әлемдегі жетекші диалог пен даму алаңын құрды және Кеңес оған 55 жыл бойы форумды қажымай басқарғаны үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар