Кличко - Фьюри қарымта жекпе-жегі Австрияда өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Кличко мен Тайсон Фьюри командаларының келіссөздері кезінде спортшылар арасындағы қарымта жекпе-жек Австрияда өтуі мүмкін екені белгілі болды, деп жазды BoxingScene.
None
None

Қазір кездесуді 4 маусымда Австрияда өткізу нұсқасы қарастырылып жатыр.

Алайда Кличко штабында бұл ақпаратты растамады. "Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз, алайда құпиялылықты сақтап отырмыз, сондықтан қазір ештеңе айта алмаймыз", - деді Klitschko Management Group өкілі Никола Паттберг.

Атап өту керек, британиялықтың бапкері Питер Фьюри бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл жекпе-жекті Ұлыбританияда өткізуге тырысамыз", - деп жазды Питер Фьюри Twitter-дегі өзінің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар